Сайланған әкімдерді тіркеу туралы хабарлама

Сайланған әкімдерді тіркеу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-11-бабына сәйкес, Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2021 жылғы 25 шілдеде өткен Железин ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде 2021 жылғы 26 шілдеде сайланған әкімдерді тіркеді:

1) Железин ауданы Башмачин ауылдық округінің әкімі – Меруерт Бекбалатовна Мадагулова, 1971 жылы туған, Башмачин ауылдық округінің әкімі, Павлодар облысы Железин ауданы Башмачное ауылында тұрады;

 2) Железин ауданы Қазақстан ауылдық округінің әкімі - Рамаш Кадырович Тогайбаев, 1966 жылы туған, Павлодар облысы Железин ауданы Жаңа жұлдыз ауылында тұрады, Қазақстан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;

3) Железин ауданы Прииртышск ауылдық округінің әкімі – Каиргельды Кантаевич Баужанов, 1960 жылы туған, Павлодар облысы Железин ауданы Прииртышск ауылында тұрады, Прииртышск ауылдық округінің әкімі қызметін атқарады.

 

 Железин аудандық

аумақтық сайлау

комиссиясы.