ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

2021 жылғы 25 шілдеде үш сайлау округі бойынша Железин ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Железин аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Железин ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Башмачин сайлау округі

Башмачин ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 815 азамат енгізілді, олардың 807 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 16, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылғандар - 13.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

 А.К. Жумабаева – 32; З.К. Зайкенова – 24; М.Б. Мадагулова – 722.  Башмачин ауылдық округінің әкімі болып Меруерт Бекбалатовна Мадагулова сайланды, 1971 жылы туған, Железин ауданы Башмачин ауылдық округінің әкімі, Башмачин ауылдық округінің Башмачное ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған, "Nur Otan" партиясының мүшесі.

        

 Қазақстан сайлау округі

Қазақстан ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 750 азамат енгізілді, олардың 489 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 9, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылғандар-7.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Р.Ж. Капаров – 133; О.В. Касымова – 3; А.Ж. Мамилина – 2; Р.К. Тогайбаев – 335.        

Қазақстан ауылдық округінің әкімі болып Рамаш Кадырович Тогайбаев сайланды, 1966 жылы туған, «Железин ауданының Қазақстандық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Қазақстан ауылдық округінің Жаңа жұлдыз ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.

 

Прииртышск сайлау округі

Прииртышск ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 667 азамат енгізілді, олардың 662 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 30, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған-29.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

 К.К. Баужанов – 462; Е.У. Кабиев – 89; М.Е. Сагиев – 52.       

Прииртышск ауылдық округінің әкімі болып Каиргельды Кантаевич Баужанов сайланды, 1960 жылы туған, Железин ауданы Прииртышск ауылдық округінің әкімі, Прииртышск ауылдық округінің Прииртышск ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясы ұсынған.

 

Железин аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 26 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Железин ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

                                     

Железин аудандық сайлау комиссиясы