Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) барлық артықшылығын пайдалану үшін емханаға тіркелу қажет. Мұндай қажеттілік туындаған кезде көбісі оны қалай жасау керектігін білмейді. Емханаға тіркелудің үш жолы бар:⠀
⠀
Портал арқылы Egov.kz:⠀
1. Порталда авторизациядан өтіңіз⠀
2. Іздеу жолы арқылы "алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу" қызметін табыңыз⠀
3. Қызметті онлайн сұратыңыз⠀
4. Емхана мен дәрігерді таңдаңыз⠀
5. Мекенжай мен байланыс мәліметтерін көрсетіңіз⠀
6. ЭЦҚ көмегімен сұранымға қол қойыңыз;⠀
7. Қызмет нәтижелері жеке кабинетте көрсетілетін болады⠀
⠀
@Kenes1414Bot телеграм-бот арқылы :⠀
1. Телеграм мессенджерінде @Kenes1414Bot табыңыз⠀
2. Телеграм ботты іске қосыңыз, "қызметтер" бөлімін ашыңыз"⠀
3. "Денсаулық сақтау" таңдаңыз, "мессенджер арқылы медициналық ұйымға тіркелу" батырмасын басыңыз"⠀
4. Қызмет алушыны көрсетіңіз (өзіңізге / балаға)⠀
5. Мекенжай деректерін растаңыз және емхананы таңдаңыз⠀
6. Әрі қарай бот тіркелу себебін және дәрігердің деректерін сұрайды⠀
7. Растау кодын енгізіңіз⠀
8. Телеграм-бот сіздің өтінішіңіздің нөмірін және көрсетілген қызметтің мәртебесін көрсетеді.⠀
⠀
Емхана арқылы:⠀
Жеке куәлігіңізбен және денсаулығыңызға қатысты құжаттармен емхананың тіркеу бөліміне хабарласыңыз. Емханаға тіркелу туралы өтініш жазыңыз.⠀
Қызмет көрсету мерзімі - 1 жұмыс күні.⠀
Маңызды: тіркелуден бұрын емхананың толық атауын және емдеуші дәрігердің аты-жөнін білу қажет. Тіркелу кезінде сіз автоматты түрде алдыңғы емханадан шығарыласыз.