Табиғатты қорғайық !

Табиғатты қорғайық !

Құрметті Железин ауданын тұрғындары мен қонақтары. Көктем уақыты келіп, тоғай жайнай бастады. Ағаштар, гүлдер гүлдеп, құстардың жаңқылдаған дауыстары шыға бастады. Табиғаттың мұндай кереметтерін аялап, өрттен қорғау үшін, өрт қауіпсіздік ережелерін міндетті түрде сақтаған жөн:

  • тоғайда болған кезде алауды ағаштың қастарында жағуға болмайды;
  • балаларға сіріңкемен ойнауға, сонымен қатар алау жағуға рұқсат етпеу;
  • алауды балаларға қарауға немесе қараусыз қалдыруға болмайды;
  • алаудағы от кеуіп тұрған ағашқа тиіп кетуіне ылтипатпен қараңыздар;
  • сіз кетпес бұрын алауды міндетті түрде сумен немесе құммен көміп тастау керек;

Егер де ойламаған жерден өрт сіздің бақылауыңыздан шығып кеткен жағдайда келесілерді орындаңыздар:

  1. Өртті өшірген жағдайда қасыңызда су болмаса, міндетті түрде 1,5-2 метр шыбықты жұлып алып, алауды соғып өшіруге ұмтылу керек.
  2. Егер қолыңызда күрек болса, онда өрттің жанын қазып, отқа құм тастау керек.
  3. Егер қасыңызда тұрғын үйлер көрініп тұрса, онда тез уақытта өрт сөндіру бөліміне дереу хабар беріңіз.

Жоғарыда атап шыққан өрт қауіпсіздік ережелерін сақтасаңыздар, онда Сіз өзіңізді өрттен сақтайсыз.

Құрметті азаматтар ұмытпауларыңыз керек, табиғатты құртсаңыз Сіз өзіңізді де құртқаныңыз, себебі біз табиғаттың жарты бөлігіміз.

Табиғатты қорғаңыздар! Өзіңізді және өз туған-туыстарыңызды қорғаңыздар!

 

Железин ауданын ТЖБ бас маманы

Азаматтық қорғаныс аға лейтенанті

Ильясов Б.А.