Халыққа қызмет көрсету орталықтары мамыр айында қалай жұмыс істейді

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мамыр айында қалай жұмыс істейді

Ағымдағы жылғы 1, 2, 7, 9, 10 мамыр мереке күндері демалыс болып саналады. Дүйсенбі, 3 мамырда, Халыққа қызмет көрсету орталықтары сенбі күні үшін жұмыс істейді, сондықтан сағат 09.00 - ден 14.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының ХҚО-лары азаматтарды кезекті алдын ала брондау бойынша қабылдайды. Мұны төрт жолмен жасауға болады –eGov.kz порталында, eGovKzBot2.0 телеграм-боты, eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы немесе 1414 бірыңғай колл-орталығына қоңырау шалу арқылы. Ол үшін "ХҚО-на электронды кезекті брондау" қызметтер тізімінен таңдап, жеке деректерді толтыру қажет, керекті күн мен уақытты, бөлімді теріп, тағайындалған уақытқа дейін 5-10 минут бұрын келу қажет. Кезекті сәтті брондаған жағдайда телефоныңызға СМС растау келеді.

"Азаматтардан қызметтерді барынша онлайн режимде алуды сұраймыз, өйткені бүгінгі таңда ХҚО-ға бармай-ақ алуға болатын қызметтердің 90% - ы электрондық форматқа ауыстырылды. Егер сізге қажетті қызмет әлі онлайн қолжетімсіз болса, кезекті алдын ала  брондағаныңыз жөн, ХҚО - ға барған кезде әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін сақтаңыз, сондай-ақ қызметалушылардан қасында артық адамдарды ертіп жүрмеуді сұраймыз", - дейді Ертіс өңірінің тұрғындарына Азаматтарға арналған үкіметтің облыстық филиалының директоры Фархат Әлімов.

Анықтама: Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібі дүйсенбіден жұмаға дейін 09.00 – 18.00, сенбі күні 09. 00 – 14. 00 дейін.