Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік тіл

Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік тіл

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі екені айдан анық. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс-қағаздарын жүргізу тілі.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасы әрбір азаматының парызы. Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар мемлекеттік тілімізді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға ҚР барша азаматарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға

Қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін барлық жағдайды жасап беріп отыр. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми қазақ тілімен тең қолданылады. Қазақстан азаматының ана тілін  қолдануына қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін  таңдауына құқығы бар. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызу жөнінде қамқорлық жасайды. Ұлттық топтар жинақы тұратын жерлерде іс-шаралар өткізілген кезде олардың пайдалануы мүмкін.

ҚР тілдік белгісі бойынша азаматтардың құқықтарын кемітуге жол берілмейді. Қазақстанда мемлекеттік тілдің және басқа да тілдердің қолданылуына және оларды үйренуге кедергі келтіретін лауазымды адамдардың іс-әрекеттер ҚР заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.    

Сондықтан осынау жеңілдіктерді жүрегімен сезінген нағыз қазақстандықтар біздің ана тілімізді меңгеруге талпынулары тиіс десек те бұл мәселеде өз қандастарымыздың шала сауаттылығы да кері әсерін тигізетіні анық.

Осыған байланысты айтарымыз, жұртқа үйретуден бұрын өзіміз оны таза меңгеріп алайық. Өткені қазақ тілі біздің тіліміз, оны білмегеніміз масқарашылық емес пе? Ана тіліміздің мәртебесі қашанда биік болсын, ағайын!

 

Тереңкөл ауданаралық

Әділет басқармасының басшысы                                                   Сергазинов А.К.