Қызметті өзіңіз алыңыз!» ашық есік күніне шақырамыз

Қызметті өзіңіз алыңыз!» ашық есік күніне шақырамыз

2021 жылғы 9 наурызда сағат 15.00-де Железинка ауылы, Әуезов көшесі, 19 мекенжайы бойынша «Open Zhelezinka» фронт-офисінің залында  «Қызметті өзің ал!» ашық есік күні өтеді.

Өткізу кезінде халыққа электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсетіледі, мемлекеттік қызметтер саласында консультациялар көрсетіледі, ЭЦҚ беру, «Электрондық үкімет» порталында жұмысқа оқыту, сондай-ақ мобильдік азаматтар базасында тіркеу жүзеге асырылады.

Аудан тұрғындарын осы іс-шараға қатысуға және жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу бойынша сұрақтарға жауап алуға шақырамыз.

 

Железин ауданы әкімінің аппараты