Назар аударыңыз жаңалықтар

Назар аударыңыз жаңалықтар

2021 жылғы 3 наурызда сағат 15:00-де аудан әкімдігінің кіші залында Железин аудандық мәслихатының 7-шақырылымының 2-(кезекті) сессиясы өтеді.

Сессия қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  1. «2021 жылы Железин ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы».
  2. «Железин аудандық мәслихатының 2013 жылғы 5 шілдедегі «Павлодар облысы Железин ауданын басқару сұлбасы туралы» № 131-5/17 шешіміне өзгеріс енгізу туралы».
  3. Әр түрлі.

Сессияға ауылдық округ әкімдері, аудан әкімінің орынбасары, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, ішкі саясат және тілдерді дамытубөлімінің басшысы, БАҚ өкілдері шақырылады.

Тұрақты комиссиясының отырысы 2021 жылғы 3 наурызда сағат 11:00 аудан әкімідігінің кіші залында өтеді.

Сессия мен тұрақты комиссия отырысы ZOOM режимінде өткізіледі.