2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай Железин сайлау округінің аумағы бойынша Железин мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 10957 азамат енгізіліп, оның 10409-ы немесе 95 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.
Дауыс беруге 10409 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 49 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 264 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға төрт саяси партия қатысты.
Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:
«Nur Otan» партиясы – 8077 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 79,7% ;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 737 дауыс, немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7,3% ;
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 798 дауыс, немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7,9% ;
«ADAL» саяси партиясы-530 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 5,2%.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленді:
«NurOtan» партиясы – 9 мандат;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 1 мандат;
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 1 мандат.
Железин аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы