
Елімізде «Кітап оқитын ұлт» ауқымды кітап оқу марафоны бастау алды. Осы жоба аясында «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» арнайы бағыты бойынша сайысқа қатысыңыз!
Егер сіз мемлекеттік қызметте жұмыс істесеңіз, бұл - ой-өрісіңізді кеңейтіп қана қоймай, бағалы жүлделерге де ие болудың тамаша мүмкіндігі.
Не істеу керек?
* Арнайы дайындалған тізімнен қазақ немесе орыс тіліндегі 15 кітапты таңдап оқу. Жинаққа отандық авторлардың шығармалары, әлемдік классика және шабыт беретін заманауи әдебиеттер енгізілген.
* Кітаптарды негізгі кезең аралығында оқып шығу (2026 жылғы қыркүйек пен 2027 жылғы наурыз аралығы).
🏆 Финалистерді не күтеді?
Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталады, ал барлық финалистер арнайы дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады!
Жобаға қосылыңыздар, жалпыұлттық қозғалыстың бір бөлігіне айналыңыз!
🔗 Толық ақпарат пен ұсынылған әдебиеттер тізімін мына сайттан таба аласыздар: www.reading-nation.kz
#КітапОқитынҰлт #КітапОқитынМемлекеттікҚызметші #ОқуМарафоны #Даму #Қазақстан