
Этикетка – таңбаланатын және тұтыну қаптамасына және (немесе) көлік қаптамасына, оның ішінде жапсыру арқылы бекітілетін ақпарат тасымалдағыш;
- тамақ өнімін таңбалау – тұтыну қаптамасына, көлік қаптамасына немесе тұтыну қаптамасына және (немесе) көлік қаптамасына бекітілген немесе оларға орналастырылған не оларға қоса берілген ақпарат тасымалдаушының өзге түріне жазулар, суреттер, белгілер, символдар, өзге де белгілер және (немесе) олардың комбинациялары түрінде түсірілген тамақ өнімі туралы ақпарат;
4-бап. Тамақ өнімдерін таңбалауға қойылатын талаптар 4.1. Оралған тамақ өнімін таңбалауға қойылатын талаптар
Қапталған тамақ өнімдерін таңбалау келесі мәліметтерді қамтуға тиіс:
1)тамақ өнімінің атауы;
2) осы баптың 4.4-бөлігінің 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда және егер тамақ өнімінің жекелеген түрлеріне арналған Кеден одағының техникалық регламенттерінде өзгеше көзделмесе, тамақ өнімінің құрамы;
3) тамақ өнімдерінің саны;
4) тамақ өнімін дайындау күні;
5) тамақ өнімінің жарамдылық мерзімі;
6) дайындаушы белгілеген немесе тамақ өнімінің жекелеген түрлеріне арналған Кеден одағының техникалық регламенттерінде көзделген тамақ өнімін сақтау шарттары. Өнімді бұзылудан қорғаған қаптаманы ашқаннан кейін сапасы мен қауіпсіздігі өзгеретін тамақ өнімі үшін қаптаманы ашқаннан кейін сақтау шарттары да көрсетіледі;
7) тамақ өнімін дайындаушының атауы мен орналасқан жері немесе тамақ өнімін дайындаушы дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты және орналасқан жері (бұдан әрі – дайындаушының атауы және орналасқан жері), сондай-ақ осы техникалық ережелерде белгіленген жағдайларда
8) егер тамақ өнімін осы ұсынымдарсыз немесе шектеулерсіз пайдалану қиын болса не тұтынушылардың денсаулығына, олардың мүлкіне зиян келтіруі, тамақ өнімінің дәмдік қасиеттерінің төмендеуіне немесе жоғалуына әкеп соғуы мүмкін болса, оны пайдалану, оның ішінде дайындау жөніндегі ұсынымдар және (немесе) шектеулер;
9) осы баптың 4.9-бөлігінің ережелерін ескере отырып, тамақ өнімінің тағамдық құндылығының көрсеткіштері;
10) тамақ өнімінде гендік-модификацияланған организмдерді (бұдан әрі – ГМО) қолдану арқылы алынған компоненттердің болуы туралы мәліметтер.
11) Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналысының бірыңғай белгісі
Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы