Листериоз

Листериоз

Инвазивті листериоз аурудың неғұрлым ауыр түрі болып табылады және жоғары қауіпті халықтың кейбір топтарына әсер етеді.Олардың қатарына жүкті әйелдер, онкологиялық аурулардан, ЖИТС-тен емделіп жатқан және органдарды трансплантациялаған науқастар, қарттар мен сәбилер кіреді. Аурудың бұл түрі ауыр белгілермен және жоғары өліммен сипатталады (20% -30%). Симптомдарға қызба, миалгия (бұлшықет ауруы), септицемия, менингит жатады. Инкубациялық кезең әдетте бір-екі аптаға созылады, бірақ бірнеше күннен 90 күнге дейін өзгеруі мүмкін.
Листериоздың алдын алу үшін жалпы профилактика және жеке гигиена шараларын, әсіресе жүктілік кезінде әйелдерге қатаң сақтау қажет.

- Шикі немесе жеткіліксіз термиялық өңделген сүт және ет өнімдерін, сондай-ақ жуылмаған және ыдырайтын көкөністерді тұтынудан сақ болу керек, шикі етті дайын аспаздық өнімдерден бөлек ұстау керек. Есіңізде болсын, листерия 1-ден 45*С-қа дейінгі температурада көбейе алады. Тоңазытқышты таза ұстаңыз. Дайын тағамдарды ет пен көкөністермен бірге сақтамаңыз.

- Листерияны жұқтыру қаупі ет кесектерін, вакуумдық қаптамадағы деликатестерді, сондай-ақ тиісті термиялық өңдеуден өтпестен тез тамақ өнімдерін жеген кезде артады. Бактериялар қайнаған кезде 3-5 минут ішінде, 70*С температурада – 25-30 минуттан кейін өледі.Шикі етпен тағамның жанасуын болдырмаңыз.

- Үй жануарларымен байланысқаннан кейін қолыңызды сабынмен мұқият жуу керек. Демалыс кезінде немесе саяжай учаскелеріндегі жұмыс кезінде үй-жайларды жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды тәсілмен жинау қажет.

- Листериоздың арнайы профлактикасы әзірленбеген.

Есіңізде болсын! « Ауруды емдеуден гөрі алдын – алу оңай »!!!