Құрамында хлорпирифос бар пестицидтер мен инсектицидтерді әкелуге, пайдалануға (қолдануға) және сатуға тыйым салу бойынша уақытша санитариялық шараларды енгізу туралы

Құрамында хлорпирифос бар пестицидтер мен инсектицидтерді  әкелуге, пайдалануға (қолдануға)  және сатуға тыйым салу бойынша  уақытша санитариялық шараларды  енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 маусымдағы № 259 Заңымен ратификацияланған Тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясы  тараптарының 12-ші конференциясында қабылданған өндіруге және әкелуге тыйым салынған  химиялық заттардың тізбесіне  (А-қосымшасы) хлорпирифостың енгізілуі туралы тұрақты органикалық ластағыштарды қарау бойынша Комитеттің шешіміне сәйкес, 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 56 және 57-баптарын және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы  Кодексінің              38-бабының 1-тармағының  15) тармақшасын  басшылыққа ала отырып ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті  (бұдан әрі – Комитет, ҚР АШМ АӨ КМИК):

1) құрамында хлорпирифос бар пестицидтер мен инсектицидтерді  мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұрсын;

2) пестицидтің әсер ететін заты мен препаративтік түрін токсикологиялық-гигиеналық бағалау бойынша келісулер мен қорытындыларды беруді тоқтата тұрсын;  

3) ҚР АШМ АӨ КМИК-ы құрамында хлорпирифос бар пестицидтер қалдықтарына тексеру жүргізсін;

4) 2026 жылғы 17 желтоқсаннан бастап:

- пестицидтің әсер ететін заты мен препараттық түрін токсикологиялық-гигиеналық бағалау бойынша бұрын берілген келісулер мен қорытындылар  кері қайтарып алынсын;

- ҚР АШМ АӨ КМИК-ы бұрын берген құрамында хлорпирифос бар пестицидтерді тіркеу туралы куәліктер  және Комитеттің берген құрамында хлорпирифос бар инсектицидтерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер  кері қайтарып алынсын.

  1. ҚР АШМ АӨ КМИК, Комитет және пестицидтер және инсектицидтерді сараптауды жүзеге асыратын ғылыми ұйымдар Стокгольм конвенциясының А-қосымшасындағы өзгерістерді ескере отырып, пестицидтер мен инсектицидтердің әсер ететін затын бағалау бойынша сараптамалық қорытындыларды қарауды және беруді тоқтата тұрсын.
  2. Комитеттің техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау басқармасы:

1) осы қаулыны Комитеттің ресми сайтында жариялауды;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының назарына  жеткізуді;

3) Қазақстан Республикасының аумағында уақытша санитариялық шара енгізілгені туралы ақпаратты мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына және Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберуді қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Төрағаның жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы Комитеттің ресми сайтында жарияланғаннан кейін күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді, осы қаулының 1-тармағының 4) тармақшасы 2026 жылғы 17 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері                  С. Бейсенова