Адам папиллома вирусына қарсы вакцинация.

Адам папиллома вирусына қарсы вакцинация.

Қазақстанда 11 жастағы қыздарға адам папилломавирусына қарсы екпе егіліп жатыр. Вакцинация тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді

Павлодар облысы Республикада онкологиямен сырқаттанушылық бойынша 4 орында және өлім-жітім бойынша 3 орында.

Адам папиллома вирусы бір вирус емес, 200-ден астам түрі белгілі байланысты вирустар тобы. Жоғары онкогендік қауіп түрлері деп аталатын АПВ-тың кем дегенде 14 түрі шырышты қабық арқылы таралады және ерлер мен әйелдердің жыныс мүшелерінің қатерлі ісігін тудыруы мүмкін.

Адам папиллома вирусына(АПВ) қарсы вакцинация бағдарламасының негізгі мақсаты-әйелдерді жатыр мойны обырынан қорғау, бұл жағдайлардың 90% - АПВ тудырады және 70% жағдайда АПВ екі (16 және 18) жоғары онкогенді түрінен туындайды.

Бүгінгі күні АПВ-ның емі жоқ, жатыр мойны обырының алдын алудың жалғыз әдісі - вакцинация.

Кез келген вакцинаны енгізу, дәрі-дәрмектер сияқты, инъекция орнында ауырсыну, қызару немесе ісіну сияқты жеңіл жанама әсерлерді тудырады. Бас ауруы немесе безгегі де мүмкін. Әдетте олар қысқа уақытқа созылады, екі күннен аспайды. Мұның бәрі күтілетін реакциялар. АПВ  вакцинасын алатын көптеген адамдарда бұл реакциялар мүлдем болмайды. Жатыр мойны обыры-алдын алуға болатын жалғыз қатерлі ісік.

Бүгін қыздарға АПВ-ге қарсы вакцинация туралы шешім қабылдағанда, біз оларды болашақта онкологиядан қорғаймыз.