
Мерекеге дайындық кезінде адамдар дастарханға азық-түлік сатып алады, ата-аналар балабақшалар мен мектептерге тамақ әкеледі, қалалар мен елді мекендерде жәрмеңкелер ашылады.
Мерекелік іс-шаралар кезінде тамақтан улануды және жұқпалы ауруларды болдырмау үшін бірқатар ұсынымдарды сақтау қажет.
Іс-шараларды ұйымдастырушылар мен қатысушыларға:
- қатысушылардың жоспарланған санымен учаскелер бойынша бөлу арқылы іс-шаралар кестесін жасау;
- адамдардың көп жиналуын болдырмау үшін елді мекеннің бүкіл аумағы бойынша алаңдарды барынша тарату;
- тамақ өнімдерін дайындау және сату кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау;
- үйде дайындалған өнімдерді сатуға тыйым салу;
- сатушылар арнайы киімде болуы керек, жеке гигиенаны сақтай отырып, бір реттік ыдыста өнімді сату;
-қалдықтарды жинау орындарын ұйымдастыру және оларды уақтылы шығару.
Жұртшылыққа:
- қауіпсіз тағамдарды таңдаңыз. Ата-аналар тағамның балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуіне ерекше мән беруі керек;
- дененің гипотермиясына жол бермеңіз, орталық және солтүстік аймақтардағы ауа-райы әлі тұрақты емес;
- әсіресе балалардың жарақат алмауы үшін алтыбақан тебетін орындарда, спорттық жарыстарда көпшіліктен аулақ болуға тырысыңыз.
Ұйымдастырылған ұжымдарда (мектептер, балабақшалар):
- ата-аналар қауымы мен білім беру объектілерінің әкімшілігі түсіндіру жұмыстарын жүргізуі, сақтау шарттары мен мерзімдері сақталмаған жағдайда жаппай улануға әкеп соғуы мүмкін үйде дайындалған өнімдерді пайдалануға тыйым салуы қажет.
Келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Барлық жақсылықты тілейміз. Өзіңізге қамқорлық жасаңыз.
Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы