
Оларға дизентерия, іш сүзегі, паратифтер (А, Б), тырысқақ, сальмонеллез, энтеровирустық инфекциялар және т.б. жатады.
Инфекция көзі – ЖІИ қоздырғыштарын тасымалдаушы науқас адам немесе бактерия тасымалдаушы. Қоршаған орта үшін жеңіл, жасырын және белгілері байқалмайтын түрімен ауырған адамдар аса қауіпті.
Негізгі жұғу механизмі – фекальды-оральды жол, ол тағам арқылы, су арқылы және тұрмыстық-қатынастық жолмен жүзеге асады.
Жұғу факторлары ретінде тағам, су, тұрмыстық заттар, ойыншықтар болуы мүмкін, кейбір инфекцияларды таратуда жәндіктердің (шыбындар, тарақандар) да маңызы бар.
ЖІИ жұқтыруға антисанитарлық жағдайлар, жеке бас гигиенасын сақтамау, санитарлық талаптар бұзылып сақталған немесе дайындалған тағамдарды пайдалану әсер етеді.
Инфекция көзі – аурудың айқын белгілері бар, сондай-ақ жеңіл, жасырын түрімен ауырған адамдар және инфекция тасымалдаушылары.
Эпидемиологиялық тұрғыдан ең қауіптісі – жеңіл түрімен ауырғандар мен тасымалдаушылар, себебі олар белсенді өмір салтын жалғастырып, медициналық көмекке жүгінбей, жеке гигиена ережелерін сақтамау арқылы инфекция таратады. Ерекше қауіп тобы – қоғамдық тамақтану орындарының қызметкерлері.
Ауру жеңіл өткен жағдайда немесе клиникалық белгілері көмескі болғанда, бұл санаттағы адамдар халық арасында ЖІИ-дің ірі ошақтарының пайда болуына себеп болатын негізгі инфекция көздері болып табылады.
Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы