
Железин ауданы Еңбекші ауылдық округі тұрғындарының тікелей сайлауы нәтижесінде әкім лауазымына сайланған Асемгуль Бауржанқызы Краузе 2025 жылғы 11 қарашадан бастап өз міндеттерін ресми түрде орындауға кірісті.
Краузе Асемгуль Бауржанқызы, 1990 жылы 20 шілдеде Антоновка ауылында дүниеге келген. 10 жылдан астам "Железин ауданы Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-де жұмыс істеді. 2015 жылдан бастап сайлау сәтіне дейін "Железин ауданы Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ бас маманы болды. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылды.