"Халық заңгері" акциясы

"Халық заңгері" акциясы

2025 жылғы 31 қазанда Республика көлемінде әлеуметтік бағыттағы «Халық заңгері» акциясы бастау алады. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың өзекті мәселелерін жедел әрі білікті түрде шешу, сондай-ақ «Заң және Тәртіп» идеологиясын ілгерілету болып табылады. Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары үшін акцияның өткізілуі 31 қазан күні сағат 11:00-де «Құдайберген Әлсейітов атындағы Железин аудандық мәдениет үиі» ғимаратында (Тәуелсіздік көшесі, 59) жоспарланған. Акцияға аудан прокурорының қатысуы көзделген. Іс-шара форматы төмендегілерді қамтиды:

· құқық қорғау, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар басшыларының азаматтарды жеке қабылдауы;

· адвокаттар, заңгерлер, нотариустар, сот орындаушылары және өзге де мамандар тарапынан тегін құқықтық кеңес беру.