Абайлаңыз, ҚҰТЫРМА!

Абайлаңыз, ҚҰТЫРМА!

Құтырма - бұл өлімге әкелетін қауіпті ауру. Оның қоздырғышы орталық және перифериялық жүйке жүйесіне әсер ететін вирус.

Адамның инфекциясы ауру жануардың тістеуі, тырнауы, сілекейлеуі, немесе жұқтырған сілекеймен  ластанған заттармен байланыста болған кезде пайда болады. Адам ағзасына енгеннен кейін вирус жүйке жолдары арқылы таралады, миға жетеді, онда қабыну дамиды, орталық жүйке жүйесінің өмірлік - маңызды элементтерінің жұмысын бұзады, нәтижесінде өлімге әкеледі.

  Жабайы және қараусыз қалған жануарлармен қарым-қатынаста болған кезде вакцинопрофилактикасы ережелерін сақтау арқылы құтырудың алдын алуға болады.

Тек уақтылы жасалған антирабиялық вакцина адамда құтырма ауруының дамуынан құтқарады.  Вакцинация курсы неғұрлым ерте басталса, соғұрлым тезірек иммунитет пайда болады, бұл аурудың дамуына жол бермейді. Құтырмаға қарсы вакцинациясы тегін жүргізіледі. Вакцинацияға қарсы көрсетілімдер жоқ.

 Қанша вакцинация алу керек?

«Ішке 40 укол алу керек» — бұл миф,

қазір вакцинация үшін қолданылатын вакцинаға байланысты бес немесе алты укол егу қажет.Құтырудың қоздырғышы вирус аурудың көрінетін белгілері пайда болғанға дейін 10 күн бұрын ауру жануардың сілекейінде болуы мүмкін екенін білу маңызды. Сондықтан сізді тістеген жануарды, ешбір жағдайда өлтіруге болмайды, оған 10 күндік бақылау орнатылады. Егер кейіннен жануар құтыру ауруымен ауырмайтыны анықталса, онда дәрігер схеманы түзетеді-үш укол жеткілікті болады.

Есіңізде болсын! Жануарлардың әр бір тістеуінен, тырналуынан, сілекейленуінен дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Тек уақтылы жасалған антирабиялық вакцина адамда құтырма ауруының дамуынан құтқарады. Антирабиялық егу курсы неғұрлым ерте басталса, соғұрлым тезірек иммунитет пайда болады, бұл аурудың дамуына жол бермейді Дәрігер тағайындаған вакцинация курсын үзуге болмайды.

Өз денсаулығыңызды, туыстарыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығына қауіп төндірмеңіз!

 

Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы