Облыс халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және жаппай тамақтан уланудың, жіті ішек инфекцияларының туындауына жол бермеу мақсатында 2025 жылғы 6 мен 8 маусым аралығында «Құрбан айт» мерекесін атап өту барысында, мынадай талаптарды сақтау қажет:

Облыс халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және жаппай тамақтан уланудың, жіті ішек инфекцияларының туындауына жол бермеу мақсатында 2025 жылғы 6 мен 8 маусым аралығында «Құрбан айт» мерекесін атап өту барысында, мынадай талаптарды сақтау қажет:

-құрбандық шалу үшін жануарларды сату және сою ветеринариялық қызметтің ресми ветеринариялық-санитариялық қорытындысын алған сою пункттері мен алаңдарында (мал сою пункттері, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық нормалар) қағидалардың талаптарына сәйкес қалалар мен аудандардағы алаңдар) жүзеге асырылсын;
- мал сою пункттерінде мал сою кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау (сумен жабдықтау, кәріз жүйесінің болуы), мал сою процесінде пайда болатын қалдықтарды уақтылы шығару;
- қызметкерлерде медициналық тексерудің болуы, қызметкерлердің жеке гигиена ережелерін қатаң сақтауы.
Қоғамдық тамақтандыру объектілерінде, салттық іс-шараларды өткізу жөніндегі қызметтерді ұсынатын объектілерінде «Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығын орындау мақсатында:
- жеке гигиенаны сақтау;
- тамақ дайындау технологиясын сақтау, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін және олардың қадағалануын растайтын құжаттардың болуы, үй жағдайында дайындалған өнімдерді пайдалануды болдырмау, медициналық тексерудің болуы және т. б.;
- тез бұзылатын өнімдерді (құрбандық малдарының ұшаларын) тасымалдау және сақтау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық қағидалардың талаптарын сақтау;
- суық және ыстық сумен және су бұрумен қамтамасыз ету;
- желдету, ауаны баптау жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
-санитариялық-дезинфекциялық жұмыс режимін, сондай-ақ санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтау.


Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы