
Өндірістік бақылаудың мақсаты объектіде нормалау құжаттарында белгіленген талаптардың сақталуына өзін өзі бақылауды ұйымдастыру және жүргізу арқылы адам үшін қауіпсіз және (немесе) зиянсыз өнімдермен, жұмыстармен және қызметтермен қамтамасыз ету болып табылады.
Медициналық ұйым өндірістік бақылаудың тиімді жүйесін әзірлейді, құжаттамалық ресімдейді, енгізеді және жұмыс жағдайында қолдайды, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 18.09.2009 жылғы №193-IV ҚР Кодексіне сәйкес жүзеге асырылатын қызметке сәйкес өндірістік бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Тізбелері «Халықты санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығымен бекітілген өнім және эпидемиялық маңызы бар объектілер өндірістік бақылау объектілері болып табылады.
Денсаулық сақтау объектілерін өндірістік бақылау мәселесі бойынша ерекше тәртіппен тексеру барысында, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар өндірістік бақылау бағдарламасының, тізімдердің болуын, қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуін, сындарлы бақылау нүктелерін, ұсынылатын нормаларға сәйкес зертханалық зерттеулер мен өлшеулердің жеткіліктілігін тексереді.
Медициналық ұйымда енгізілген өндірістік бақылау – алдымен бұл санитариялық қағидаларды сақтау болып табылады. оны енгізе отырып, өндірістік қызметтегі тәуекелдер азаяды, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі артады, ендеше өнімділік жоғарылайды.
Өндірістік бақылауды жүргізуге шарт жасау кезінде белгілі бір басымдылықтар болады: барлық зерттеу түрлерін аккредиттелген зертханалар жасайды; аурулардың, эпидемиялық жағдайлардың туындауына жол берілмейді; медициналық ұйымдарда санитариялық-эпидемиологиялық тәуекелдер жойылады.
Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы