
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарын сайлауы өтеді.
Сіздерге сайлауға қатысушылардың тізімдері тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу негізінде жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) тарапынан жасалатынын хабарлаймыз. Тұрақты тіркеуі жоқ немесе дауыс беру күні тіркелген жерінде болмайтын азаматтар өз өтініштерін дауыс беру күніне дейін 30 күннен кешіктірмей (23 шілдеден кешіктірмей) ауылдық округтердің әкімдіктеріне тапсыруы қажет.
Бұл құқықты пайдалана алады:
- дауыс беру күні тіркелген жерінде болмайтынын білетін азаматтар;
- жатақханалардан тыс тұратын жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері;
- вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар.
Өз мәліметтеріңізді Железин ауданы әкімдігінің Call-орталығына +7 (71831) 2-23-43 нөмірі арқылы немесе WhatsApp нөміріне +7 777 393 5597 хабарлама жіберу арқылы тексеруге болады.
Call-орталығының жұмыс кестесі:
дүйсенбі-жұма - сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00 - 14.30);
сенбі, жексенбі - сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін.
Железин ауданының барлық тұрғындарын азаматтық белсенділік танытып, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға шақырамыз!