2025 жылғы 17 желтоқсанда Новомир ауылдық округі аппаратының ғимаратында ауылдық округ активінің кеңесі өтті, онда Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Т.Саденов сайланған әкіміне Нурлан Науканович Унбаевқа куәлік табыс етті.

Железин ауданы Новомир ауылдық округі тұрғындарының тікелей сайлауы нәтижесінде әкім лауазымына сайланған Нұрлан Науқанұлы Унбаев 2025 жылғы 17 желтоқсаннан бастап өз міндеттерін ресми түрде орындауға кірісті.

Унбаев Нұрлан Науқанұлы, 1970 жылы 25 қыркүйекте Октябрьское ауылында дүниеге келген.

Железин ауданының білім беру ұйымдарында 27 жылдан астам, Железин ауданының жергілікті атқарушы органдарында 3 жылдан астам жұмыс істеді. 2025 жылдың қыркүйегінен бастап сайлау сәтіне дейін "М. Дулатов атындағы № 3 Железин орта мектебі" КММ физика пәнінің мұғалімі болды. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.