Құрметті Железин ауданының тұрғындары!

Құрметті Железин ауданының тұрғындары!

Сіздерді шын жүректен келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын!

Өтіп бара жатқан жыл ауданымыз үшін маңызды оқиғалар мен елеулі жетістіктерге толы болды. Сіздердің адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыздың арқасында әлеуметтік маңызы бар жобалар жүзеге асырылып, экономика нығайып, бірлік пен ынтымақ сақталды.

Жаңа жыл – жаңа үміттерге, жоспарлар мен мүмкіндіктерге толы уақыт. Алдағы жыл әр шаңыраққа тыныштық пен береке, тұрақтылық пен молшылық әкелсін.

 Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт, табыс және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін.

Туған жеріміздің дамуына қосып жатқан үлестеріңіз, елге деген жанашырлықтарыңыз үшін баршаңызға алғысымды білдіремін.

 

Железин ауданының әкімі.                                                      А. Шайхимов