Мемлекеттік қызметшінің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы – ішкі мәдениеттің айнасы

Мемлекеттік қызметшінің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы – ішкі мәдениеттің айнасы
Мемлекеттік қызметшінің жұмысы тек жұмыс уақытымен шектелмейді. Ол қай жерде жүрсе де – қоғамдық орында, отбасында, достар арасында немесе әлеуметтік желіде – мемлекеттің өкілі болып қала береді. Оның сөзі мен ісі билік пен қоғам арасындағы сенімнің деңгейін айқындайды.
 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне (2022 жылғы редакция) сәйкес, мемлекеттік қызметші қызметтен тыс уақытта да әдептілікті сақтауға, қоғам алдында өз беделін түсірмеуге міндетті.
 
Қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарына мыналар жатады:
•Моральдық және әдептік нормаларды сақтау, антиқоғамдық іс-әрекеттерге жол бермеу;
•Қоғамдық орындарда мас күйінде болмау, адам абыройы мен қоғамдық тәртіпті қорлайтын әрекеттерге бармау;
•Кішіпейілділік пен ұстамдылық таныту, өз лауазымын жеке мақсатта пайдаланбау;
•Азаматтармен және әріптестермен сыпайы, құрметті және мәдениетті қарым-қатынас орнату;
•Мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеу;
•Әлеуметтік желілерде және ақпараттық кеңістікте өз ой-пікірін білдіргенде мемлекеттік қызметтің абыройын төмендетпеу.
 
«Халыққа қызмет етемін деген адам өз мінезімен де, ісімен де үлгі болуы тиіс.»
Дінмұхамед Қонаев
 
Қай ортада жүрсе де, мемлекеттік қызметші өзінің сөзімен де, ісімен де ел намысын қорғап, рухани биіктікті және азаматтық жауапкершілікті сақтауы тиіс.
 
Железин ауданы әкімі аппаратының
әдеп жөніндегі уәкілі – Усина Р.К.