АБАЙЛАҢЫЗ, СІБІР ЖАРАСЫ!

АБАЙЛАҢЫЗ, СІБІР ЖАРАСЫ!

Сібір жарасы – жануарлар мен адамдардың аса қауіпті ауруларының бірі. Сібір жарасының бацилласы табиғатта өте тұрақты. Қолайсыз жағдайларда ол тірі организмге түскенше жер қыртысында споралар қалыптастырады да көбейе бастайды. Сібір жарасы адамға тікелей топырақтан, жануарларды (ешкі, қой, ірі қара мал, жылқы) сою кезінде немесе өнімдермен (ет, тері, жүн және т.б.) жанасу кезінде жұғуы мүмкін. Сібір жарасының споралары (ет пісіргенде) 2-3 сағат қайнатуға төтеп бере алады! Топырақта, түрлі ақпарат көздері бойынша, 100 – 200 жыл сақталады! Белгілі сібір жарасының қорымдары «СІБІР ЖАРАСЫ» деген арнайы белгілерімен көрсетіледі және осы жерлерде ауылшаруашылық жайылымын болдырмау мақсатында қоршалады.
Аурудың бірнеше түрлері бар: тері, өкпе және асқазан-ішек. Басқаларға қарағанда, бұл аурудың тері түрі жиі кездеседі. Инфекция кесілген, тырналған және ұсақ жараланған жерлерде пайда болады. Аурудың тері түрі кезінде зақымдану орнында қызыл дақ пайда болады, қышу және күйдіру байқалады, содан соң қанды сұйықтықты көпіршіктер немесе төмпешіктер пайда болып, іріңдеп, басқа жараларға қарағанда ауыртпалықсыз, әдеттегі жараға айналады. Дақ пайда болғаннан жараға дейінгі кезең бірнеше сағат ішінде болуы мүмкін. Токсиннің барлық ағзаға әсері 40°C-қа дейін, жалпы әлсіздік, бас ауруы сияқты белгілері болады. Жоғары температура шамамен 5-7 күнге созылады. Сібір жарасы ауруының сирек кездесетін, бірақ ең ауыр түрлері: өкпе және асқазан-ішек. Аурудың бұл түрлері бацилла спорасынан және вирус жұқтырған тағамды (шикі немесе толығымен пісірілмеген және қуырылмаған ет) тамаққа қолданған кезде дамуы мүмкін.
            Адамдар ауруының негізгі себептерінің бірі – ауру жануарларды бақылаусыз сою және мал шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық бақылауынсыз сату. Шаруашылықтағы малды жыл сайын сібір жарасына қарсы вакцинамен вакцинациялау қажет. Сондай-ақ, инфекцияның ең үлкен қаупі бар адамдар жыл сайын вакцинациялау керек, олар: зоологиялық ветеринария мамандары, мал сою орындарының, ет сақтау қоймаларының қызметкерлері, ет, тері және жүн дайындаушылар. Әр адам өз денсаулығын сібір жарасы сияқты осындай қауіпті аурудан қарапайым ескертулерді орындап, қорғай алады.

Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы