Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі - СЭҚ) –мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін растайтын құжат.
СЭҚ беру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы (бұдан әрі - бұйрық) болып табылады.
Халықтың санитариялық–эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге эпидемиялық мәні жоғары объектінің сәйкестігі туралы СЭҚ беруді Департаменттің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)«электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге эпидемиялық мәні жоғары объектінің сәйкестігі туралы СЭҚ алу үшін заңды немесе жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш, сондай-ақ зертханалық-аспаптық зерттеулерге (сынақтарға) сәйкес аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмесі жібереді.
Аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеу хаттамаларының қолданылу мерзімі 1 жылды құрайды. Аккредиттелген зертханалар жүргізген өлшеу хаттамаларының қолданылу мерзімі 3 жылды құрайды. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 13 (он үш) жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы