Қызылша және оның алдын алу

Қызылша және оның алдын алу

Қызылша - бұл ауа - тамшылы инфекциялар тобына жататын жедел жұқпалы вирустық ауру. Ауру адамнан адамға ауа арқылы, тыныс алу жолдарының тамшыларымен немесе жұқтырған адамдардың мұрнынан немесе тамағынан секрециялармен тікелей байланыста болғанда беріледі.

Қызылша - адамның ең жұқпалы инфекцияларының бірі, өйткені инфекция көзімен байланысқаннан кейін адамдардың 90% - дан астамы ауырады.

Қызылшаның негізгі белгілері: жоғары температура, әлсіздік, жөтел, мұрыннан су ағы, ауыз қуысының шырышты қабығындағы ақ дақтар, қызыл түсті үлкен дақ түріндегі бөртпелер, сондай-ақ лимфа түйіндерінің ұлғаюы.

Қызылша ауруы жұқпалы болуымен және инфекциямен ауырғаннан кейінгі асқынулармен қауіпті. Аурудың ауыр ағымында ортаңғы құлақтың, өкпенің, трахеяның, бронхтың, сондай-ақ мидың қабынуы сияқты асқынулар дамиды. Кез-келген қабыну мен асқынудан  науқас өлуі мүмкін.

Қызылшамен ауырған адамдардың шамамен 30% - да бір немесе бірнеше асқынулар болады. Көбінесе асқынулар бес жасқа дейінгі балаларда немесе 30 жастан асқан ересектерде дамиды.

Ең ауыр асқынуларға соқырлық, энцефалит (мидың ісінуіне әкелетін инфекция), ауыр диарея және онымен байланысты дегидратация, құлақ инфекциясы (отит) және пневмония сияқты ауыр тыныс жолдарының инфекциялары жатады.

Инфекциямен күресудің ең күшті, қол жетімді және тиімді әдісі-вакцинация. Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес балалар қызылшаға қарсы алғашқы егуді 1 жасында (12 - 15 айда), екінші егуді (ревакцинация) - 6 жаста алады. Қызылшаға қарсы вакцинаның әрбір дозасы баланың иммунитетін күшейтеді.

Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша вакцинация қызылшаға қарсы егу алғаны жөніндегі сенімді мәліметтері жоқ қызылшамен ауыратын науқастармен байланыста болғандар адамдардың барлығына қажет. Қызылшаға қарсы вакциналар 20 жылдан астам уақытқа созылатын сенімді иммунитетті қалыптастырады.

Вакцинация жүргізу үшін ДДСҰ сертификаттаған және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат берген қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке қарсы вакцина қолданылады.

 

Жоспарлы вакцинация тұрғылықты жері бойынша (немесе ТХТ бойынша) емханалардың барлық егу кабинеттерінде вакцинация жүргізуге рұқсаты бар оқытылған (тәжірибелі) медицина қызметкерлерімен жүргізіледі.

Сондай-ақ, емханаларда қызылшаға қарсы бұрын әртүрлі себептермен вакцина алмаған балаларды толықтыра иммундау жүргізіледі. Сондықтан ата-аналар емханаға барып, балаларына қызылшаға қарсы екпені салғыза алады.

Аурудың кез келген белгілері пайда болған кезде қарапайым сақтық шараларын сақтау ұсынылады:

- науқас балаларды ұйымдасқан ұжымдарға (мектепке дейінгі мекемелер, мектептер) апармау, ересектерге жұмыс орнына бармау, адамдар көп жиналатын орындарда жүрмеу, дәрігерді телефон арқылы үйге шақыру;

- дәрігер келгенге дейін туыстармен байланысты барынша азайту;

- жөтелгенде және түшкіргенде, орамалмен немесе майлықпен аузыңыз бен мұрныңызды жауып, қолыңызды сабынмен және сумен жиі жуыңыз немесе қолыңызды тазарту үшін құрамында алкоголь бар заттарды қолданыңыз;

- тыныс алу органдарын қорғау құралдарын пайдалану, бір реттік маска кию;

- вакцина алмаған адамдарға, әсіресе балалар мен жүкті әйелдерге қызылшамен сырқаттанушылықтың тіркелу кезеңінде адамдар көп жиналатын жерлерге бармау.

Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің мамандары қызылшаны жұқтырудың, сондай-ақ олардың асқынуларын алдын алатын жалғыз тиімді құрал тек вакцинация екенін еске салады.

 Ауруды емдегеннен гөрі алдын алған дұрыс!

 

Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы