
2026 жылғы 14 қаңтар күні Павлодар облысының ветеринария басқармасында еңбек атқарған қызметкер Дүйсет Төкенұлы Әмірхановты зейнетке шығарып салдық. Басқарма басшысы Асылтас Абылайұлы Дүйсет Төкенұлына өз атынан және ұжым атынан көп жылғы адал еңбегі үшін алғысын білдіріп, облыс әкімінің орынбасары Әйгерім Жаңбыртайқызы Қабылтаеваның атынан Алғыс хат табыстады.
Дүйсет Төкенұлына зор денсаулық, бақыт және шаттық пен шабытқа толы ұзақ ғұмыр тілейміз!