
Жануарларды өсірумен, оларды союмен, қайта өңдеумен, сақтаумен немесе сатумен, сондай-ақ жемшөп пен ветеринариялық препараттарды өндірумен айналысатын барлық тұлғалар биологиялық қалдықтарды дұрыс жоюға міндетті. Мұндай қалдықтарды кез келген жерге тастауға болмайды — оларды мал қорымдары деп аталатын арнайы жерлерде жою керек.
Егер жануар қырылса немесе іш тастаған не өлі туған төл анықталса, оның иесі бұл туралы ветеринариялық маманға тәуліктен кешіктірмей хабарлауы қажет. Мұндай қалдықтарды көму немесе өртеу үшін мал қорымына жеткізуді жануар иесі өз қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Павлодар облысында барлығы 239 мал қорымы бар, 2025 жылы екі жаңа мал қорымын салу жобасы әзірленді – Жанатілек ауылында (Баянауыл ауданы) және Панфилов ауылында (Ертіс ауданы). Оларды 2026 жылы салу жоспарлануда. Сонымен қатар, 2026 жылы тағы 48, ал 2027 жылы 46 қосымша мал қорымын сатып алу жоспарлануда.