
Ветеринариялық салауаттылықты қамтамасыз ету және Павлодар облысының аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуын болдырмау мақсатында ветеринариялық қызмет полиция қызметкерлерімен бірлесіп ауыл шаруашылығы жануарлары мен мал шаруашылығы өнімдерінің қозғалысын бақылау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Рейдтер барысында ветеринариялық ілеспе құжаттардың (ветеринариялық анықтамалар, сертификаттар және т.б.) болуына назар аударылады, көлік құралдары (ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау) тексеріледі.
Ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау меншік нысанына қарамастан әрбір жануар иесінің міндеті болып табылады.
Облыстың ветеринариялық қызметі халыққа саналылық танытып және Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 ҚР «Ветеринария туралы» Заңын сақтауды сұрайды.
Тірі жануарларды тасымалдау олардың денсаулығы мен шығу тегін растайтын ветеринариялық ілеспе құжаттар болған кезде ғана жүзеге асырылуға тиіс.
Жануарларды тасымалдауға қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған көлік құралдарында жол беріледі.
Ұшалар мен сою өнімдерін тасымалдауға ветеринариялық анықтама болған жағдайда ғана рұқсат етіледі .
Азаматтардан белгіленген ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтауды, құжаттарды ресімдеу және консультациялар алу үшін ветеринариялық қызметтерге уақтылы жүгінуді сұраймыз. Жеке пайдалануға арналған ұшаларды тасымалдау кезінде, мысалы, соғым сою кезінде ветеринариялық құжаттар болуы қажет.
Қажетті құжаттарсыз жануарлар мен ұшаларды өз бетінше немесе рұқсатсыз тасымалдау ветеринариялық заңнаманы бұзу болып табылады және әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
Жануарларды ветеринариялық анықтамасыз өткізу, сондай-ақ ветеринариялық бақылаудан өтпей өнімді өткізу жеке тұлғаларға – 20; лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 50; орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100; жеке тұлғаларға – 100; ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 200 АЕК мөлшерінде айыппұл сала отырып, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 406-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.