Павлодар облысы әкімдігінің және Павлодар облыстық мәслихатының «Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 14 қаңтардағы № 1 және Павлодар облыстық мәслихатының 2012 жылғы 14 қаңтардағы № 413/41 «Облыс орталығында, қалаларда, кенттерде және ауылдық елді мекендерде жеке меншікке берілетін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгеріс енгізу туралы» жобасына баспасөз-релиз

Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы Павлодар облысы әкімдігі қаулысының және Павлодар облыстық мәслихатының «Облыс орталығында, қалаларда, кенттерде және ауылдық елді мекендерде жеке меншікке берілетін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары туралы» шешімінің бірлескен жобасын (бұдан әрі-жоба) дайындады.

Жоба Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы «Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы» № 724 Жарлығына сәйкес әзірленді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік–экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Жоба «Ашық НҚА» порталында 2020 жылғы 14 қыркүйектен бастап 2020 жылғы 28 қыркүйекке дейін орналастырылды 

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=6329&type=2