«Павлодар облысы әкімдігінің жер қатынастары саласындағы кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Павлодар облысы әкімдігі қаулысының жобасына баспасөз-релизі

«Павлодар облысы әкімдігінің жер қатынастары   саласындағы кейбір қаулыларының  күші жойылды деп тану туралы» Павлодар облысы әкімдігі қаулысының жобасына  баспасөз-релизі

Павлодар облысының жер қатынастары басқармасы «Павлодар облысы әкімдігінің жер қатынастары саласындағы кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Павлодар облысы әкімдігінің қаулы жобасын (бұдан әрі – Жоба) дайындады.

Жоба Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының  4) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Осы қаулыны қабылдаудың мақсаты Павлодар облысы әкімдігінің жер қатынастары  саласындағы кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану болып табылады.

Жоба 2020 жылғы «3» қыркүйектен  2020 жылғы «17» қыркүйекке дейін «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=6329&type=2

Сонымен қатар, жоба облыстың Қоғамдық кеңесіне ұсыным алу үшін жолданды.

Осы қаулыны іске асыру қаржы қаражатын талап етпейді.