Павлодар облысының жер қоры туралы ақпарат

Павлодар облысының жер қоры туралы ақпарат
Облыстың аумағы 12 миллион 470,5 мың га құрайды.
 
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 7 390,7 мың га (оның ішінде егістік – 2 021,9 мың га, көпжылдық екпелер – 0,9 мың га, тыңайған жерлер – 183,3 мың га, шабындықтар – 175,4 мың га, жайылымдар – 4 919,3 мың га, басқа жерлер – 91,6 мың га).
 
Елді мекендердің жерлері – 1 830,1 мың га құрайды;
 
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 121,5 мың га алаңда орналасқан;
 
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері – 357,9 мың га құрайды;
 
Орман қорының жері – 126 мың га құрайды;
 
Су қорының жері – 78,9 мың га;
 
Жер қорындағы жерлер – 2 565,4 мың га құрайды (оның ішінде көпжылдық екпелер 0,6 мың га, тыңайған жерлер – 274,1 мың га, шабындықтар – 83,6 мың га, жайылымдар – 1 729 мың га, басқа алқаптар 476,9 мың га құрайды).