Павлодар облысында келер жылы суармалы жерлер тағы да 3 000 га-ға дейін ұлғаяды

Павлодар облысында келер жылы суармалы жерлер тағы да 3 000 га-ға дейін ұлғаяды

Бұл туралы «Қазсушар» РМК өкілдері аталған облыста БАҚ өкілдеріне арналған пресс-турда айтты. 

Павлолар облысында егістік алқабының жалпы көлемі 58 мың га құрайды. Аймақта агроөнеркәсіпті дамытуға арналған кешенді жоспар бар. Бүгін Железин ауданындағы бір инвест жоба аяқталды. Нәтижесінде келесі жылы алқап көлемі 3 мың гектарға артпақ.

«Біз қазір осы нысанды тәжәрибе жүзінде іске қостық. Өздеріңіз білетіндей, Железинде ауданындағы жалғыз шаруақожалық бар. Сол «Самұрық и К» ЖШС-ға су жеткізіп береміз. Яғни, егістік алқабына дейін. Осы суармалы суды жеткізу арқылы, 732 га алқап суарылады. Сол нысанның құрылысын былтыр бастадық, міне бітірдік» -, деді «Қазсушар» РМК Павлодар облыстық филиалының директоры Жұмагелді Қожанов.

Ғұмырының ширек ғасырын ауылшаруашылық саласына арнаған Қуат Анафен үшін бүгінгі күн әдеттегіден өзгеше. Өйткені, келер жылға 732 га егістік алқабы дайын. Қазсушар мекемесі егістікке дейін су береді. Жеке кәсіпкер әрі қарай алқапты жаңбырлатып суару әдісімен дақылдарын суарады. Бүгінде кәсіпкер бизнесі үшін субсидия алған. Алқапқа майлы дәнді-дақылдарды, мал үшін жем-шөпті, картоп егуді жоспарлап отыр.

«Біз қуаныштымыз, өйткені бүгін көптен күткен күн! Қазсушарлықтар нысанды уақытында бітіріп, 2022 жылы іске қоспақ. Мен егетін алқапқа дейін су жеткізіп берді. Қазір келесі жылға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Ауданның 50 халқын жұмыспен қамтимыз деген ойдамыз.” -, деді «Самұрық и К» ЖШС-нің директоры Қуат Анафен.

Пайдалануға берілетін нысан 4 су сорғыш станциямен жұмыс жасайды. Бір су сорғыш сағатына 400 текше метр суды Ертіс өзенінен алуға қауһарлы. Маусымына 2 млн 900 текше метр су алуға мүмкіндік береді. Жалпы облысты осы тектес 3 инвест жоба жүзеге асырылуда. Солар арқылы аймақтың егістік алқабын кеңейту жоспарда бар. Осылайша, Мемлекет басшысының 2030 жылға дейін республика бойынша егістік алқабын 3 млн гектарға дейін ұлғайту тапсырмасына  үлес қосады.