Павлодар облысының 109 қызметі Telegram чат-ботты іске қосты

Павлодар облысының 109 қызметі Telegram чат-ботты іске қосты

Енді аймақ тұрғындары шағымдар мен ұсыныстарды ашылған бот арқылы жібере алады. Бұл жүйемен жұмыс істеу үшін Рavlodar109 атауын енгізу жеткілікті.

 

Мессенджер бүгінгі таңда 700-ге жуық өтінішті қабылдады.  Өтініштің қарау мерзімі мәселенің сипатына байланысты. 

 

-        Чат-бот жүйесі қолдануда өте оңай. Тіркелу үшін пайдаланушы өзінің телефон нөмірін жіберіп, содан кейін бот өтініш сипаттауын, мекенжайын енгізуді және қажет болған жағдайда фото-бейне материалдарды қоса беруді сұрайды, - дейді Бірыңғай байланыс орталығы директорының орынбасары Қуандық Жүсіпов. - Өтінішті тіркеу нәтижесі, өтінімнің нөмірі мен оның мәртебесі көрсетілетін телефонға хабарлама арқылы келеді.

 

Қосымшада бұрын жіберілген барлық өтініштерді қарау мүмкіндігі бар. Жіберген өтініштерді  іздеу үшін "Өтінімді табу" түймесін басу керек, содан кейін өтініштің мекен-жайы, мәртебесі және мазмұны көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

 

Директор орынбасарының айтуынша, облыс тұрғандары 109 қызметіне «Көмек 109» мобильді қосымшасы арқылы өтініш бере алады. Қосымшаны Google Play және App Store қызметтерінде жүктеп алуға болады. 

 

Тұрғындардың өтініштері 8 (747)-790-11-09 WhatsApp - нөмірі, 109.pavlodar Instagram әлеуметтік желісі және contact@pavlodar109.kz пошта арқылы қабылданады. Сонымен қатар, 109 қысқа нөміріне тәулік бойы хабарласуға болады.

 

Айта кетейік, 2021 жылдың басынан бастап байланыс орталығына 35 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Статистика бойынша коронавирустық инфекция және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы сұрақтар жиі қойылады.