Павлодар қаласында мемлекеттік органдарға онлайн-өтініш беруге арналған мобильді қосымша іске қосылды

Павлодар қаласында мемлекеттік органдарға онлайн-өтініш беруге арналған мобильді қосымша іске қосылды

2021 жылдың 11 ақпаны, ПавлодарПавлодар облысының әкімдігі BTS Digital қазақстандық ИТ-компаниясымен бірлесіп «Менің Павлодарым» мобильді қосымшасын іске қосты. Сервистің міндеті - азаматтардың өтініштерін қабылдау және оларды шешудің тиімділігіне ықпал ету, сондай-ақ онлайн режимінде қалалық қызметтер мен сервистерді пайдалануға мүмкіндік беру.

 

«Менің Павлодарым» — бұл Павлодар облысы тұрғындарының мемлекеттік мекемелермен өзара үйлесімді іс-қимыл жасауға арналған интернет-алаң, оның арқасында тұрғындар шағым бере алады және олардың орындалуын бақылай алады, әкімнің қабылдауына жазыла алады, қаланы жақсарту идеяларын ұсына алады, сауалнамаларға қатыса алады, өз қаласының ең өзекті оқиғалары туралы біле алады.

 

Егер бұрын әкімдікке өтініш беру үшін облыс тұрғындарына әкімдікке жеке бару немесе ХҚКО арқылы өтініш жолдау қажет болса, енді смартфон арқылы да солай жасауға болады. Ол үшін Aitu қосымшасын Google Play немесе App Store дүкенінен жүктеп, тіркеуден өту керек. Одан әрі "Қоғам" бөліміне кіру, өтініштер модулін ашу, жолдарды толтыру және «жіберу» — Сіздің өтінішіңіз берілді. Өтініштің мәртебесін Жеке кабинеттен тексеруге болады. Сервис қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.

 

«Талдау мәліметтеріне сәйкес, Павлодар облысы тұрғындарының 82% - ы аптасына кемінде бір рет интернетті смартфон арқылы пайдаланады. Біз «Менің Павлодарым» қосымшасы мемлекеттік органдармен қарым — қатынасты ыңғайлы етеді және қала өмірінің бір бөлігіне айналады деп сенеміз», - деп түсіндірді өнім басшысы Нұрхан Искендир.

 

Қазіргі уақытта қосымшада проблема туралы хабарлауға немесе әкімдікке жүгінуге, облысты/қаланы/елді мекенді жақсарту бойынша сауалнамаларға қатысуға, өмірлік жағдайлар бойынша жауап алуға және қалалық сервистерді пайдалануға болады. Қосымша арқылы әкімнің қабылдауына жазылуға болады. Сондай-ақ, «Қатынасу бюджеті» жобасы аясында қаланың инфрақұрылымын жақсарту бойынша идея мен ұсыныстарға дауыс беруге болады. Сонымен қатар, пайдаланушылар қалалық жаңалықтар арнасын көре алады және оқиғалар, ТЖ және апаттар туралы хабардар бола алады (112), тіпті қызметтерге ақы төлей алады.

 

Әзірлеушілердің айтуынша, жоба үнемі жаңартылып, жетілдіріліп отырады. Мемлекеттік қызметтердің бұдан да үлкен спектрі қосылып, түрлі бағыттар бойынша функционалмен кеңейтілетін болады.

 

Қазіргі кезде қолданба тек Павлодар қаласының тұрғындары үшін қолжетімді. Алайда, қызмет көрсетілетін қалалар тізімі біртіндеп Ақсу және Екібастұз қалаларынан бастап облысты толық қамтитын болады.