Құрметті жерлестер!
«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ 2026 жылғы 10 тамызда сағат 10:00-де шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерінен уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша жалпы алаңы 20 164,1069 га жерге конкурс өткізілетінін хабарлайды. Оның ішінде 19 568,0259 га – жайылым, 313,2135 га – шабындық, 282,8675 га – басқа алқаптар.
Жер учаскелерінің тізбесі жергілікті баспасөз басылымдарында және жергілікті атқарушы органның сайтында жарияланған https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-zemel?lang=kz
📞Анықтама үшін телефон: 8 (7187) 34-72-90, 8 (7187) 74-11-14