2026 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанда Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры арқылы жер қатынастары саласындағы жаңа цифрлық қызметтер қолжетімді болды.
Енді онлайн режимінде:
🔹 Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту
Мысалы, егер учаске ауыл шаруашылығына арналған болса және меншік иесі құрылысты жоспарласа — өтінішті қашықтан беруге болады.
🔹 Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту
Егер жалдау мерзімі аяқталуға жақын болса, келісімшарт аяқталғанға дейін 90 күн бұрын онлайн режимінде ұзартуға өтініш беруге болады.
🔹 Жер учаскесін сатып алу
Жерді жеке меншікке сатып алу процедурасы енді қол жетімді онлайн — төлемді бір реттік немесе бөліп төлеуге болады.
Жаңа сервистер Мемлекеттік қызметтерді алудың ыңғайлылығын арттыруға және жер қатынастары саласындағы рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.