
Комиссияның негізгі міндеті жер пайдаланушылардың адалдығын анықтау және жерді одан әрі пайдалану жөнінде шешімдер әзірлеу болып табылады.
Бағалау критерийлер жүйесі бойынша жүргізіледі, міндетті критерий
— жер учаскесінің нысаналы мақсатын сақтау.
Қосымша ескеріледі: салықтар мен жалдау бойынша қарыздардың болмауы, жер заңнамасын бұзушылықтардың болмауы, жұмыс орындарын құру, ауыл шаруашылығына инвестициялар, ауыл шаруашылығы жануарларының болуы, әлеуметтік жобаларға қатысу, заманауи агротехнологияларды қолдану және жерге орналастыру жобасының болуы.
2025 жылғы жұмыс нәтижелері: 13 материал қаралды, 11 жер пайдаланушы адал, 2 — жосықсыз деп танылды, 121 материал қайтарылды (бұзушылықтар анықталған жоқ).
Комиссия ауыл шаруашылығы жерлерінің ашықтығын, әділдігін және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ете отырып, жұмысын жалғастыруда.
Баяндама қорытындысы бойынша басқарма басшысы журналистер қойған барлық сұрақтарға жауап берді.