Құрметті жерлестер!
«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ 2026 жылғы 27 ақпанда сағат 10:00-де шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерінен уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша жалпы алаңы 2 608,1051 га жерге қайтадан конкурс өткізілетінін хабарлайды. Оның ішінде 2 599,1051 га – жайылым, 9 га – басқа алқаптар.
📞Анықтама үшін телефон: 8 (7187) 34-72-90, 8(7187) 74-11-14