Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығына арналған конкурс бойынша жаңа талаптар

Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығына арналған конкурс бойынша жаңа талаптар

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 26 тамыздағы №518 бұйрықпен Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына өзгерістер енгізді, 2025 жылғы 14 қыркүйекте күшіне енген.

 

Аквамәдениетті жүргізу үшін жер учаскесін беруді қоспағанда, конкурстық ұсыныс мыналарды қамтиды:

 

     1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

 

     2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

 

     3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бекіткен Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда және Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

 

 

Сондай-ақ, ережелер аквашаруашылық жүргізуге арналған конкурстық ұсыныста мыналар қамтылатынын көздейтін жаңа тармақпен толықтырылды:

 

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, аквашаруашылық объектілерін өсіру көлемі, аквашаруашылық жүргізуге арналған тиісті инфрақұрылым мен жабдықтың, аквашаруашылық саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

      2) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының және Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.".

 

Өтініш беруші конкурстық ұсыныста ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар жалдау шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

 

Ұпайларды есептеу критерийі слайдта көрсетілген.