Азаматтар кез келген мемлекеттік органға өз өтініштерін ыңғайлы жағдайда жолдай алады, түрлі кеңестер мен қызметтер алып, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жеке қабылдауға жазыла алады.
Азаматтарды қабылдау орталығының жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма, сағат 09:00–18:00, түскі үзіліс – 13:00–14:00.
Сұрақтарыңыз бойынша келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: 8 (7182) 65-10-50,87021661661.
Мекенжайы: Павлодар қ., ГенералДүйсенов көшесі, 80.
Орталыққа мына қоғамдық көлікпенжетуге болады:
• Автобус аялдамалары:«Диагностикалық орталық» – № 3, 11, 11А, 18, 27, 126 бағыттары үшін;
«ОӘД» – № 1, 5, 21, 22 бағыттары үшін.
• Трамвай аялдамасы: «Естай» – № 1, 5, 6, 12, 13, 14 бағыттары үшін.