Мемлекеттік қызметтер мониторингі және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы басқарманың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша баяндады.
Талдауға сәйкес: Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсыныстар жасауға бірыңғай талаптардың болмауы, бұл осы құжаттардың ресми түрде жасалғанын және инвестициялар көлемінің жасанды түрде артқанын куәландырады; мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде баламалы мүлікті өтеу кезінде "баламалы учаске" және "учаскенің баламалы критерийлері" ұғымдарын айқындаудың болмауы бөлігінде тәуекелдер анықталды жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін беру кезінде даулы жағдайлардың туындауы; үшінші тұлғалар алып жатқан жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін беру кезінде даулы жағдайлардың туындауы. Пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны немесе келісімшартты беру кезінде өтініш беруші қоса беретін қажетті құжаттар тізбесінде жер пайдаланушының келісімі жоқ, егер сұратылып отырған жер қойнауы учаскесі (немесе оның бір бөлігі) олардың пайдалануындағы жер учаскелерінің шегінде болса.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында басқарма ОМО-ға қажетті НҚА-ға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындады.