Жеңіс Күні қарсаңында аудандық мұражайда "Жеңіс сарбаздары-аудан майдангерлері"көрме — экспозициясы ашылды. Экспозиция Ұлы Отан соғысынан өткен жерлестерімізге және олардың Жеңістің ортақ ісіне қосқан ерліктеріне арналған.
Көрмеде фотосуреттер, майданнан келген хаттар, марапаттар, ардагерлердің жеке заттары, сондай-ақ біздің ауданда туып-өскен сарбаздардың тағдыры туралы баяндайтын мұрағаттық құжаттар ұсынылған. Соғыстан оралмағандарға ерекше назар аударылады, олар біздің жадымызда мәңгі қалады.
Көрме аудан тұрғындарының қызығушылығын тудырды. Қазіргі бейбіт аспан астында өмір сүріп жүргеніміз, қарапайым адамдардың ерлігін еске салды.