??рметті Павлодар облысыны? т?р?ындары ж?не ?она?тары!

??рметті Павлодар облысыны? т?р?ындары ж?не ?она?тары!

          2025 жылғы 15 мамырдан бастап «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы         жарияланады.

Конкурсты өткізу мақсаттары: қазақстандық отбасыларының оң тәжірибесін дамыту, қалыптастыру мен тарату; жас ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік, әлеуметтік және жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру үшін жағдай туғызу; салауатты, қазіргі заманғы отбасы рөлін арттыру мен маңыздылығын арттыру;бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру; отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толмаған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлық көрсету; отбасының оң имиджін насихаттау болып табылады.

Конкурстың өткізу барысы үш кезеңнен тұрады:

І кезең.  Аудандық (қалалық) комиссия конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталған сәттен бастап 2025 жылғы 27 маусымға дейінгі мерзімде алынған ақпаратты жан-жақты тексеруді жүзеге асырады, іріктеу жүргізеді және екі отбасын айқындайды, содан кейін 2025 жылғы 30 маусымға дейін өз шешімдерін конкурстық құжаттармен облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссияларына жібереді.

ІІ кезең. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялары 2025 жылғы 15 шілдеге дейінгі мерзімде аудандық (қалалық) комиссиялардан құжаттарды алған сәттен бастап ұсынылған құжаттарға қосымша тексеруді жүзеге асырады, іріктеу жүргізеді және бір жеңімпаз отбасын айқындайды, содан кейін 2025 жылғы 17 шілдеге дейін өз шешімдерін конкурстық құжаттармен ұйымдастыру комитетіне жібереді.

  Облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) кезеңдердің марапаттау рәсімдері салтанатты түрде 2025 жылғы 15 тамызға дейін өткізіледі.

ІІІ кезең. Республикалық Ұйымдастыру комитеті облыстық (республикалық маңызы бар қалалардан, астанадан) комиссиялардан құжаттарды алған сәттен бастап     2025 жылғы 31 шілдеге дейін жеңімпаз отбасылар туралы бағдарламалар циклін дайындау үшін Ұйымдастыру комитетіне материалдар жібереді.

 Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі 2025 жылғы 12 қыркүйекте Отбасы күні қарсаңында диплом және айрықша белгі (мүсінше) табыс етіле отырып, салтанатты жағдайда өтеді.

           Конкурсқа ұсыным беру, қатысу жөнінде сұрақтар туындаған жағдайда қала, аудан ішкі саясат бөлімдеріне, немесе ақпарат және қоғамдық даму басқармасына 322099, 324077, 87474266239 телефондар арқылы хабарласуға болады.