✨ "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Успен ауданында жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды.
✨Іс-шараға барлық меншік түріндегі 119 ұйым мен мекеме қатысты. 25 техника жұмылдырылды, 200 тоннаға жуық қоқыс шығарылды, 1400-ден астам адам қамтылды.
Ауылдардың ерекше ластанған учаскелерінде тазалық орнатылды.
✨Жайлы және салауатты орта құру мақсатында ауданда 2600-нан астам жасыл желек отырғызылды.
✨Сонымен қатар, ауылдарда автожолдардың шұңқырларын жөндеу, жол белгілерін жаңарту, сондай-ақ балалар мен спорт алаңдарын жөндеу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.
✨Үй маңындағы аумақтарды абаттандыруды жүргізген барлық жерлестеріме алғысымды білдіремін. Сіздердің азаматтық ұстанымдарыңыз құрметке лайық!
✨Айта кету керек, бұл іс-шара бір реттік науқан болмауы керек. Күнделікті тазалықты сақтау әр үйдің, көшенің, ауылдың, туған өлкенің тазалығы мен әдемілігін қамтамасыз етеді.