Құрметті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер!!!

Құрметті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер!!!

Өрт қауіпті кезеңде (2025 жылғы 7 сәуірден бастап) ауыл шаруашылығы алқаптарында және жайылымдық жерлерде шөп өсімдіктерін, өсімдік қалдықтарын, сабанды күйдіру жұмыстарына ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 410-бабымен ауыл шаруашылығы алқаптарында және өзге де мүлікте өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады;
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 15 АЕК (58 980 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады;
орта кәсіпкерлік субъектілеріне-50 АЕК (196 600 теңге) мөлшерінде;
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-150 АЕК (589 800 теңге)мөлшерінде.