АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС

⚡Бүгін Успен ауданындағы облыстық құрылымдар өкілдері, ауылдық округ әкімдері, шаруа қожалықтары басшыларының қатысуымен өткен жиында маңызды мәселелер талқыланды.
Жиынның негізгі мақсаты – көктемгі дала жұмыстарына дайындық алдында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, оның ішінде мал шаруашылығын дамыту, инвестициялық субсидиялау ережелеріндегі, сондай-ақ жер заңнамасындағы жаңашылдықтарды түсіндіру.

⚡Ауыл шаруашылығы кеңесінің қорытындысы бойынша көктемгі дала жұмыстарын ойдағыдай өткізу бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді.