Көрісу күні

Көрісу күні

✨14 наурызда Қазақстанда ата - бабамыздан мұраға қалған жылы және ерекше мереке- Көрісу күні немесе Амал мерекесі тойланады. Бұл күні бір-біріне қонаққа бару әдетке айналған және көктем қайтадан келгенін құттықтау керек. Көрісу Наурыз мейрамына дейін барлық жақындарын аралап, қонаққа бару үшін наурыз айының ортасында тойлана бастайды.

🤝Ең алдымен, дәстүр бойынша, қарт туыстарының үйлеріне барып, құрмет көрсетіледі. Көрісу күні адамдар ерекше сезіммен қол алысып амандасады.

🔆Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық, әрбір отбасыға бірлік пен қуаныш құт-береке, бақыт әкелсін!
Көктем лебімен бірге келген мерекеңіз құтты болсын!